"Оқуға құштар мектеп" жобасы
Шымкент қаласының Білім басқармасына қарасты №74 жалпы орта білім беретін мектебінде "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында, мектеп кітапханашысы Дәрікүл Джурхабаева мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Арайлым Онжанова бірлесіп, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына орай, 5 сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел өткізді. Ондағы басты мақсат: оқушыларды Мұхтар Әуезовтың өмірбаянымен таныстырып, шығармашылығына шолу жасау және сол шығармалардың құндылықтарын түсіндіру.