14
декабрь
2020
"Қыз елдің көркі"
Атам қазақ ұрпақ тәрбиесіне ерекше ден қойған. Әсіресе қыз баланың тәрбиесіне баса көңіл бөлген. Себебі, ертең елдің батыры мен ақынын, көреген көсемін, сөзуар шешенін, топ жарар дүлділін де , өмірге әкелетін - ана. Бір отбасының ғана емес, бір рулы елдің, қала берді , бүтін бір ұлттың ұлт болып қалыптасуына әсер ететін тұлғаның ана екені даусыз. Ол-қай қоғамның болсын, басты күретамыры.
Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мәлімет беру мақсатында Қаратау ауданының "Көркем әжелер" тобының жетекшісі , "Алтын дәрігер" медалінің иегері, адам жанын арашалап алатын ақ халатты абзал жан
Асыл әже
Аяулы жар
Ардақты ана Усенбекова Роза Алибековнамен кездесу өтті.




