14
май
2022
Сыбайлас жемқорлықты болдырмау
Құрметті ата-аналар!
Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу мақсатында ескертемін!
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің «2021 -2022 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы» 2022 жылғы 20 сәуіріндегі №159 хатының негізінде,
Шымкент қаласы N74 жалпы орта білім беретін мектебінде 2022 жылы соңғы қоңыраудың өткізілу тәртібі бойынша
Мамыр айында болатын мерекелер қарсаңында ата-ана және оқушы тарапынан ақша жинауға, қымбат көліктерде серуендеуге, табиғатқа саяхатқа шығуға, ата ана мен оқушылар тарапынан мектепті жабдықтауға, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы жинауға қатаң тиым салынатындығын ескертемін!
Емтихан кезінде ақша жинамау, дастархан жаймау керектігін ескертемін!
- мектепке бітіруші түлек ретінде сыйлық бермеу,
- мектеп әкімшілігіне, сынып жетекшілерге, пән мұғалімдеріне қымбат әшекейлер мен сыйлықтар беруге тыйым салу,
- бірыңғай мектеп формасын кию,
- соңғы қоңырауда көлікте серуендеу,
- кафеде отырыс жасау, тауға саяхат жасау сияқты ақша жиналатын және құқықбұзушылық орын алатын фактілерді болдырмау мақсатында ескертемін!
Бала болашағының жарқын болуына бірге атсалысайық, ата-ана!