Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №74 жалпы орта білім беретін мектеп ұжымы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР-ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ” атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарымен танысты. Мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Н.Сапарбаев баяндама жасап, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауында біршама жаңа бастамалар көтеріліп, білім саласына айрықша көңіл бөліп отырғанын айтты.
Мектеп директоры Н. Исакова Президентіміздің жолдауын қолдай отырып, бірлікте күш жұмсап, өз білімімізді, біліктігімізді білім беру жолына жұмсасақ жүзіміз жылы, келешегіміз жарқын болары хақ екенін мәлімдеп, жолдауда корсетілген әр бір басымдыққа ерекше тоқталып өтті. Мектептегі дарынды балаларға жан-жақты қолдау көрсетіп, оларға жоғары оқу орнына түсу үшін конкурстан тыс гранттар беру және бір реттік ақшалай сыйақы да төлейтіндігін айта келіп, балалардың ұстаздарына да моральдық және материалдық тұрғыдан ынталандырып отырғаны көңіл қуантатын жақсы бастама екенін айтты.
Орта білім беру жүйесіндегі өткір проблеманың бірі – мектептердегі орын тапшылығы екендігін айтып, 225 мың оқушыға орын жетіспейтіндігін нақты көрсетті. Өз сөзінде Президент 2025 жылға дейін кемінде 800 мектеп салу туралы тапсырма бергендігін, бүгін оның санын бір мыңға жеткізуді міндеттейтіндігін айтты.
Балаларды ерте жастан мамандыққа бейімдеу айрықша маңызға ие болуда. Өскелең ұрпақ өзінің болашақ кәсібін саналы түрде таңдай білуге тиіс.
Бұл құжат әлем мемлекеттеріндегі түрлі саяси ахуал мен еліміздегі болып жатқан жағдайлардан көңілі күпті болған халықтың көкейіне үміт пен сенім ұялатқандай болды. Жолдауда халықтың әл-ауқаты мен тұрмыстық жағдайын көтеріп, медицина мен білімге тың серпін беретін мәселелер қамтылған.
І. ПАНДЕМИЯДАН КЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ

«Қарапайым заттар экономикасы» тиімді жүзеге асырылды.

«Бизнестің жол картасы» бағдарламасының арқасында көптеген жобалар мемлекет тарапынан қолдау тапты.

Осы бағдарламалар 2022 жылға дейін ұзартылатын болды.

Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану тұрғындардың жағдайын жақсартты.

Мемлекет қаржысын басқару, мемлекеттік қарызды, бюджет саясатын және Ұлттық қорды басқарудың тұжырымдамасы әзірленеді.

Өңдеу өнеркәсібінің экспортын көбейтіп, еңбек өнімділігін 30 пайызға арттыру мақсаты қойылды («Өнеркәсіп саясаты туралы» заң).

Үкімет пен Ұлттық банктің басты міндеті – инфляцияны 4-6 пайыз деңгейіне қайтару.

Мемлекет банкирлерге көмектеспеуге тиіс деген шешім қабылдады.

Жайылымдық жерді тиімді пайдалану да өте маңызды.

Ветеринария саласын да жетілдіру қажет.

Келесі мәселе – Цифрландыру.

ІТ-секторды дамытып 100 мың жоғары білікті ІТ-маман даярлау қажет.

Мемлекеттік қызметтер азаматтарға смартфоннан 100 пайыз қолжетімді болады деді.

Тағы бір мәселе Ауғанстандағы ахуалға байланысты әскери доктринаны қайта қарап, қорғаныс қабілетін арттыруды тапсырды.
II. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ

«Бустерлік вакцинаны» сатып алу өте маңызды.

Еліміздің биологиялық қауіпсіздігін болжаумен айналысатын Ұлттық жүйе құрылуға тиіс.

Зертханалар мен фармацевтиканы қаржыландыру ұлғаяды.
III. САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ

Биылғы қаңтар айынан бастап педагогика саласы қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға көбейді.

Алдағы үш жылда осы мақсатқа тағы 1,2 триллион теңге жұмсалады.

Педагогикалық мамандықты қалап, оқуға түскендердің орташа балы күрт өсті. Ұстаздарды қолдау саясатын жалғаса береді.

Пандемия кезінде қашықтан оқытудың нәтижесі ұлттық телекоммуникация желілерінің тиімділігі төмен екенін көрсетті.

Қашықтан білім беруге қажетті ақпараттық жүйенің сапасын жақсартумен мықтап айналысуды тапсырды.

Дарынды балаларды қолдау. Біз оларға жоғары оқу орнына түсу үшін конкурстан тыс гранттар береміз. Бір реттік ақшалай сыйақы да төлейміз деді.

Мұғалімдерді қазіргідей 5 жылда емес, 3 жылда бір рет қайта даярлықтан өткізу туралы айтты. Бұл ретте, ұстаздардың курстан өту үшін өз қалтасынан ақша төлеуіне жол берілмейді.

Айтылған тағы бір мәселе. Мектептердегі орын тапшылығы. 225 мың оқушыға орын жетіспейді. 2025 жылға қарай орын тапшылығы 1 миллионға жетеді. 2025 жылға дейін салынатын мектептер санын бір мыңға жеткізуді міндеттеді.

Оқушы санына қарай қаржыландыруға біртіндеп көшу.

Сұранысқа ие барлық мамандық бойынша техникалық және кәсіби білім жүз пайыз тегін берілуі керек. Мамандық алудың тағы бір мүмкіндігі армияда берілуге тиіс.

Ғылымды дамыту – біздің аса маңызды басымдығымыз деп атап өтті. Өзгерістер – апелляция институтын енгізу, гранттық қаржыландыру мерзімін бес жылға дейін ұзарту.
IV. ӨҢІРЛІК САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ

Ұлттық даму жоспары аясында азаматтардың тұрмыс сапасын арттыру үшін нақты 25 міндет айқындалды.

«Халық қатысатын бюджет» қалалар мен облыстарға енгізілді.

Экология мәселесі басты назарда болуға тиіс. Әсіресе, ауаның тазалығы айрықша маңызды.

2030 жылға қарай су тапшылығының көлемі 40 пайызға жетуі мүмкін. 9 су қоймасы салынады. Үнемдеуге көшу.

Қазақстанда 2030 жылға қарай электр қуатының тапшылығы пайда болады. мұның ең оңтайлы шешімі – АЭС салу.
V. ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДА ТИІМДІ ЭКОЖҮЙЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Қазақстан – еңбек мигранттарын қабылдау жағынан ТМД елдері ішінде екінші орында.

қиын жағдайға тап болған азаматтарға жан-жақты көмек көрсету – басты міндеттердің бірі.
VI. САЯСИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ

Біздің мақсатымыз – мемлекеттің тиімділігін, саяси үдерістің ашықтығы мен бәсекелестігін одан әрі арттыру.

2024 жылы азаматтар аудан әкімдерін сайлау мүмкіндігіне ие болады.

Ауылдық жерлердегі азаматтық бастамаларды қолдаудың тиімді тәсілдерін әзірлеуі керек. Гранттық қаржыландыру жүйесін ауылдағы үкіметтік емес ұйымдардың сұранысына қарай бейімдеп, оны алудың жеңілдетілген режимін енгізу қажет.

Өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы Екінші Факультативтік Хаттаманы ратификациялау туралы заңға қол қойғанын айтып өтті.

Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету үшін белсенді жұмыс басталды.

Заңнамадағы барлық қайшылықтар мен көмескіліктер азаматтар мен бизнестің мүддесіне орай түсіндірілетіні заң жүзінде қамтамасыз етілді.

Бас прокуратура алаяқтыққа және қаржы пирамидаларына қарсы кешенді шаралар әзірлейтін болады.
VII. ҰЛТТЫҢ ҰЙЫСУЫ – ОДАН ӘРІ ДАМУДЫҢ БАСТЫ ФАКТОРЫ

Қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі болып қала береді. Орыс тілі ресми тіл мәртебесіне ие екендігін еске сала кетті. Этносаралық және конфессияаралық татулық – біздің баға жетпес байлығымыз.
БАСТАМАЛАРЫ

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақыны қазіргі 42,5 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылданды

Қызметкерлерінің еңбекақысын көбейткен жұмыс берушілерге қолдау алатын болды

2022 жылдан 2025 жылға дейін мемлекет осы санаттағы азаматтық қызметкерлердің жалақысын жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсіретін болады.
Жарыссөзге шыққан ұлағатты ұзтаздар Ұлбосын Майлышқызы мен Гүлзипа Момынайқызы Жолдауға байланысты тың ойларымен бөлісіп, мұғалімдерге жасалған жағдай мен жауапкершілікті баса айтты.
Жолдау соңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.
Қазір біз ел дамуының шешуші кезеңіне қадам бастық. Мемлекеттік аппарат біртұтас құрылым ретінде жұмыс істеуге міндетті. Солай болған жағдайда ғана біз көздеген мақсаттарымызға қол жеткіземіз. Мықты мемлекет болу үшін ұлттың ұйыса білуі айрықша маңызды» екендігіне айрықша басымдық танытып, нақты жүйелі реформаларды жасау маңыздылығын ашып берді.
ЕЛІМІЗДІҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ ТҰҒЫРЛЫ БОЛҒАЙ!


