09
август
2021
«Сен кімге алғыс айтар едің ?»

Алғыс білдіру, рақмет айту, адамдарды сыйлау және мейірімді болу әр адамның басты міндеттердің бірі болып табылады. Бірақ, көп жағдай барысында алғыс айтуды ұмытып, немесе оған ерекше көңіл бөле бермейміз. #тәрбие_шымкент_әдістемелікорталық
Психолог ғалымдардың айтуынша алғыс сөздерінде бір сиқырлық бар — олар арқылы адамдар арасында жақсы қатынас орнатылып, адамның өзін-өзі бағалауы, сыйластық сезімдері оянады.
Көктемнің алғашқы күні алғыс айту күні болғандықтан, мектебіміздің 9 "А" және 9 "Б" сыныптарында «Сен кімге алғыс айтар едің ?» тақырыбы бойынша сабақтан үзіліс уақытында тренинг өткізілді.
Тренинг барысында оқушылар бір-біріне сыйластықтарын, жылы лебіздерін, алғыстарын білдірді.


