09
август
2021
"СЫҢҒЫРЛА СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!"
СЫҢҒЫРЛА СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!
25 мамыр күні Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №74 жалпы орта білім беретін мектебінде əкімшілігінің ұйымдастыруымен "Тəуелсіздік ұландары"
тақырыбында салтанатты жиыны өткізілді.
Іс-шараға аса қадірменді қонақтар ретінде
1) Мектепішілік " Қамқоршылық кеңесінің " төрағасы Тлемисов Е.
2)Мектепішілік " Кәсіподақ ұйымының" төрағасы Мамадалиев Б.
3) Мектепішілік " Кәсіподақ ұйымының" мүшесі Искакова А.
4) Ата-аналар комитетінің мүшесі Эрметова Г. және де
9 жыл бойы сабақ берген пəн мұғалімдері мен 9 сынып оқушыларының ата-аналары қатысты.
Салтанатты жиын барысында Тəуелсіздіктің 30 жылдығына бір бөлім арнап мектебіміздің өнерпаздары патриоттық əн шырқап өлеңдер оқыды.




