14
сентябрь
2021
«Абайлаңыз – балалар!»
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №74 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 1-10 қыркүйек аралығында «Абайлаңыз – балалар!» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды.
Осы іс-шара аясында бекітілген білім беру ұйымдарындағы инспекторлар күнделікті таңғы сағат 07:30-08:30, түскі сағат 12:30-14:30 және кешкі сағат 17:30-19:30 уақыт аралығында қала аумағындағы барлық мектептің маңындағы жолдардан оқушылардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету бағытында қызмет атқарады.
«Абайлаңыз – балалар!» атты жедел профилактикалық іс-шарасының басты мақсаты - автомобиль жолдарындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апаттарының алдын алу, жасөспірімдер жарақатын азайту және балалар арасында жол қозғалыс ережесін насихаттау, сонымен қатар оқушылардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс-жүзінде пайдалана білуін жетілдіру.





